Математика пәні бойынша облыстық олимпиада

2025 жылғы 19 ақпанда математика және физика пәндерінің оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі аясында Теміртау жоғары политехникалық колледжі базасында математика пәні бойынша облыстық олимпиада ұйымдастырылып, өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – аймақтағы математикадан ең үздік студенттерді анықтау, олардың стандарттан тыс есептерді шешу қабілеттерін ашу. Міндеттері: Математика бойынша білімдерін кеңейту; Студенттердің математикаға деген қызығушылығын стандарттан тыс тәсілдерді меңгеру арқылы дамыту; Оқушылардың интеллектуалдық өсуіне жағдай жасау. Олимпиадаға Қарағанды облысының 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 38 қатысушы қатысты. Олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды: Мемлекеттік тілдегі математика бойынша: 1-орын – Орынбек Мирас Берікболұлы, Саран техникалық колледжі, жетекшісі: Горюшкина Мария Александровна 2-орын – Қыдырбай Бекболат Саматұлы, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, жетекшісі: Какеша Есилжан 3-орын – Шарапат Жаннұр Махсұтқызы, Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі, жетекшісі: Жеңіс Сәнім Жеңісқызы Орыс тіліндегі математика бойынша: 1-орын – Ершова Диана Дмитриевна, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі, жетекшісі: Құлманова Баян Абаевна 2-орын – Виногородская Валерия Владимировна, Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі, жетекшісі: Амалбекова Ақниет Серғазықызы 3-орын – Клевцова Дарья Алексеевна, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, жетекшісі: Бурханова Гүлшат Тасқалиевна Жеңімпаздарға дипломдар табысталды.

Назад к новостям